«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бөбекжай» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
«Бөбекжай» бөбекжай-бақшасы» іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.Бөбекжай –бақшада кадрлардың жеке іс-қағаздары талапқа сай жүргізілген.Жеке іс-қағаздарда кадрларды жұмысқа алу өтініштері, өмірбаяны, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет, медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы), еңбек кітапшалары, біліктілік арттыру курстарынан өткен сертификаттары және біліктілік санаты туралы бұйрықтарының көшірмелері барлығы түгел. Негізгі қызмет жөніндегі, жеке құрам бойынша бұйрықтар кітаптарының жүргізілуі талапқа сай.
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Бөбекжай» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты 2011 жылы іске қосылды.
Бөбекжай бақшасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы Наурыз 2А көшесінде орналасқан.
Балабақшамыз 2011жылы 26 қыркүйекте ашылып қазіргі таңда 4 топта 80 бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді.
Балабақша ғимараты екі қабатты,сыйымдылығы 90 бала
Жылу жүйесі ШЖҚ«Эмбажылу» КМК қамтылған.
Электр жүйесі талапқа сай жүргізілген.
Жұмыс ұзақтығы 7:30 дан 18:00ге дейін
Жұмыс аптасы 5 күндік.
Балабақша толықтай интернет желісіне қосылған.Балалардың қауіпсіздігі үшін сыртқы және ішкі топтарда камера жүйесі бар.
«Бөбекжай» бөбекжай-бақшасының ғимаратында асхана, кір жуатын орын,АКТ залы және денешынықтыру бөлмесі орналасқан.
Негізгі ғимаратта балабақша топтары әр топқа арналған дәліз, ойын бөлмесі, тамақтану бөлмесі,сабақ бөлмесі, ішкі әжетханалар, киім ауыстыру бөлмелері орналасқан. Қосымша меңгеруші, әдіскер кабинеті және үш бөлмеден тұратын медбике бөлмелері бар. Барлығы 46 бөлме.
Ойын алаңдары үлкен әрі қауіпсіз, түрлі әткеншектермен қамтамасыз етілген.Жалпы алаңы 0,5864 шаршы метр. Аула гүлдермен және ағаштармен көгалдандырылған.
